ITECA КӨРМЕЛЕРДІ ЫҢҒАЙЛЫ ЕТЕДІ: ҚАТЫСУШЫЛАР МЕН КЕЛУШІЛЕРГЕ АРНАЛҒАН ЦИФРЛЫҚ ШЕШІМДЕР
ЗАМАНАУИ КӨРМЕ ӘЛДЕҚАШАН ТЕК СТЕНДТЕРМЕН, ӨНІМ ТАНЫСТЫРУМЕН, КЕЛІССӨЗ ЖҮРГІЗУМЕН ЖӘНЕ ВИЗИТКА АЛМАСУМЕН ШЕКТЕЛМЕЙДІ.

Iteca компаниясы бірнеше жылдан бері көрмелерге арналған өзіндік цифрлық шешім экожүйесін дамытып келеді. Бүгінде технологиялар қажетті компанияларды жылдам табуға, кездесулерді тиімді жоспарлауға және іс-шараның ең жарқын сәттерін сақтауға көмектеседі. Осы цифрлық қызметтердің барлығы көрмелерге қатысуды барынша жайлы әрі нәтижелі етеді.
Көрменің барлық мүмкіндігі – бір қолданбада
Негізгі цифрлық көмекші – Iteca.Events қолданбасы 2023 жылдан бері жұмыс істейді және мыңдаған компания үшін үйреншікті құралға айналды. Қолданба экспонент тізімімен алдын ала танысуға, іскерлік бағдарламаны зерделеуге, кездесу белгілеуге, қажетті компанияны немесе маманды табуға мүмкіндік береді. Оның басты ерекшелігі – бейдждерді сканерлеу функциясы: бір секунд ішінде келуші деректерін сканерлеп, ескертпе қалдыруға, ал көрме аяқталған соң барлық байланысты бір рет басу арқылы Excel файлына жүктеп алуға болады. Енді жоғалған қойындәптерлер мен ұмыт қалған визиткалар болмас. Байланыстармен топ болып та жұмыс істеуге болады: бір қызметкер стендте бейдждерді сканерлеп жатқанда, екіншісі кеңседен коммерциялық ұсыныстарды жіберіп отырады.
Сонымен қатар Iteca.Events іс-шара өтетін күндері ғана жұмыс істеп қана қоймайды: қолданба көрме ашылуына бірнеше ай қалғанда іске қосылып, ол аяқталғаннан кейін тағы бір ай бойы қолжетімді болады. Яғни клиенттермен және серіктестермен белсенді өзара іс-қимыл жасау үшін кемінде жарты жыл беріледі.
Бұл шешімнің тиімділігі іс жүзінде де айқын көрінеді. Тек 2025 жылдың өзінде қолданба пайдаланушылары «қызықты/өткізіп жіберу» әрекеттерін 319 мыңнан астам рет орындап, 172 мыңнан астам іздеу сұрауын енгізді, бейдждерді 91 мыңнан астам рет сканерлеп, 12 мыңнан астам іскерлік кездесу белгіледі. Бұл көрсеткіштер Iteca.Events қолданбасының серіктес іздеуге, нетворкингке және көрмелерде тиімді жұмыс істеуге арналған толыққанды құралға айналғанын растайды. Қолданбаны App Store және Google Play дүкендерінен жүктеп алуға болады.

Интерактивті жоспар: көрме бойынша артық сұрақсыз бағыт құру
Көрме алаңында бағдарлануды едәуір жеңілдететін тағы бір құрал – көрменің интерактивті жоспары. Ол тікелей Iteca.Events қолданбасына кіріктірілген және келушілерге қажетті стендті іздеп павильондарды араламай-ақ, бірден бағыт құруға мүмкіндік береді: компания атауын немесе өкіл тегін енгізсеңіз, стенд нөмірі мен оған апаратын бағыт картада көрсетіледі. Бұл формат экспоненттерге де қосымша артықшылық береді: стенд көрнекілігін арттырып, әлеуетті клиенттермен өзара іс-қимылды жеңіл әрі ыңғайлы етеді. Нәтижесі қарапайым – іздеуге азырақ, іскерлік әңгімелерге көбірек уақыт бөлінеді.

Premagic: фотосуреттер сізді өздері табады
Көрме маусымының жаңалығы – іс-шаралардан фотосурет алу тәсілін өзгертетін Premagic қызметі. Тіркелу кезінде келуші селфиін жүктейді, содан кейін жасанды интеллект көрме барысында түсірілген мыңдаған сурет арасынан оның қатысуымен түсірілген барлық фотосуретті өздігінен табады. Дайын жеке галерея фотосуреттер өңделгеннен кейін бірнеше минут ішінде электрондық пошта мен WhatsApp арқылы автоматты түрде жіберіледі. Пайдаланушыға өз суреттерін іздеп, мыңдаған бөгде кадрды қараудың қажеті жоқ. Осыдан кейін оған жеке фотосуреттерімен қатар, іс-шараның барлық күндеріндегі жалпы галерея да қолжетімді болады.
Алайда Premagic мүмкіндіктері мұнымен шектелмейді. Қызмет дайын постерлерді ұсынады және әлеуметтік желідегі жарияланымдарға арналған мәтіндер мен хэштегтерді автоматты түрде қалыптастырады. Соның арқасында қатысушылар көрмеден алған әсерлерін оңай бөлісе алады, ал ұйымдастырушылар мен серіктестер іс-шараның қосымша органикалық қамтылуына және оған деген қызығушылықтың артуына қол жеткізеді.
Бұл ретте қызмет GDPR талаптарына толық сәйкес келеді, сондықтан барлық дерек пен фотосурет қауіпсіз әрі ашық түрде өңделеді.
Бүгінде бірыңғай цифрлық экожүйеге біріктірілген цифрлық қызметтер заманауи көрмелердің ажырамас бөлігіне айналуда. Олар уақытты үнемдеуге, іскерлік байланыстарды іздеуді жеңілдетуге, навигацияны ыңғайлы етуге және көрмеге қатысудың ең үздік сәттерін сақтауға көмектеседі. Дәл осындай шешімдер Iteca көрмелеріне бизнеске арналған тиімді алаң ғана емес, әрбір келуші үшін жайлы кеңістік болуға мүмкіндік береді.


